Ішке енген, яғни көбекірген тырнақ (онихокриптоз) - бұл тырнақ құрылымындағы матрикспен және тырнақ айналасын қоршаған жұмсақ тіндердің өзгеруімен сипатталатын тырнақ пластинасының патологиясы. Тырнақ пластинасының бүйір тырнақ қатпарларының тіндеріне ауыртып енуінен туындаған іріңді- қабыну ауруы.
Неліктен енбеген тырнақ пайда болады?
Көлденең май табан, аяқ саусақтарының қисаюы, тырнақ алу кезінде тырнақтардың ұшын дұрыс өңдемей кесу, табанның туа біткен деформациясы, аяқ саусақтарының үлкен болуы, аяқтың гипергидрозы, псориаз, саңырауқұлақтармен зақымдануы, тырнақ дисплазиясы, саусақтардың айқасуы;
жиі ауыр жүк көтеру, ауыр салмақ, үсік, жарақаттары;
тар, биік өкшелі, желдетілмейтін аяқ киім;
тұқым қуалайтын фактор;
жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, варикозды тамырлар;
агрессивті химиялық заттардың әсер етуі.
Көбекірген тырнақтың белгілері қандай?
Жүру кезіндегі ауырсыну, аяқ саусақ терісінің қызаруы және ісінуі, дене қызуы көтеріліп, іріңді-қабыну процесінің басталуы, тырнақтың өткір бұрышы ұлғайып, теріге қарай өседі, қан кетеді; тырнақ пластинасының түсі сұрланып және тырнақ қалыңдайды.
Көбекірген аяқ тырнағын емдеу
Әдетте, үй жағдайында бұл мәселені шешу күтілген нәтиже бермей, керісінше жағдайды нашарлатады.
Сондықтан, көбекірген тырнақ барына күдіктенсеңіз, Рахат клиникасына хабарласыңыз.
Емдеу кешенді түрде жүзеге асырылады және аурудың дәрежесі мен себептеріне байланысты жүргізіледі. Антибактериалды және жұмсартқыш жақпа препараттар қолданылады және скальпельмен хирургиялық араласулар болады, лазерлік түзету, радиотолқынды жою әдісі де қарастырылған; ортопедиялық емдеу жекелей әр адамның мәселесіне қарай жүзеге асырылады: пластиналар, арнайы брекеттер, түзетулер.
Көбекірген аяқ тырнақтарының алдын-алу
Ыңғайлы аяқ киім киіңіз; тырнағыңызды үнемі күтіп ұстаңыз, тырнағыңызды қиғанда бұрыштарын кеспей, тым қысқа қылмай және түзу етіп кесіңіз; аяқтарды түзетіп, саусақтардың қысымын жеңілдететін ортездер қолданыңыз; саңырауқұлақ ауруларын уақтылы емдеңіз; бассейнге және моншаға барғанда, ауыстыратын жеке аяқ киім ала барыңыз, саусақтарыңызды жарақаттан сақтаңыз; басқа біреудің аяқ киімін кимеңіз.
Дәрігерге қашан бару керек?
тырнақ қатпарының ауыруы және қызаруы;
бас бармақтың ісінуі;
сарысу мен ірің ағуы.
Әрине, бұл белгілерді шыдап, ауруға көніп жүруіңіз қате. Дәрігерге уақтылы барсаңыз көбекірген тырнақты жеңіл әдістермен сәтті емдеп алуға болады.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, дәл қазір дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтпей, көбекірген тырнақты емдеу үшін онлайн тіркеу парағын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|