Гастрит - бұл асқазанның ішкі қабығының қабынуы.
Бұл аурудың екі түрі бар: асқазан сөлінің төмен және жоғары қышқылдығы бар гастрит.
Әсер етуші факторлардың қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты жедел гастрит және созылмалы гастритпен деп бөлінеді. Әр түрдің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар, олар асқазандағы шырышты қабаттың өзгеруіне байланысты.
Гастриттің белгілері
Созылмалы гастрит асқазан қабырғаларының шырышты қабатында созылмалы қабынуын тудырады. Гастриттің бұл түрі көбінесе әртүрлі жағымсыз сыртқы факторлардың әсерінен дамиды: дұрыс тамақтанбау, ашты немесе тым ыстық тамақ, құрғақ ас қабылдау.
Созылмалы гастриттің айқын көрінетін симптомдары: тамақ ішкеннен кейін біршама қысым мен іш кебу, жүрек айну, қыжыл, тәбеттің төмендеуі.
Жедел гастрит - бұл асқазанның шырышты қабатының жедел қабынуы. Бұл ауру түрлі химиялық, термалық және бактериялық себептерден туындауы мүмкін.
Жедел гастриттің белгілері: төс асты аймағындағы ауырлық пен қанықтылық, бас айналу, құсу, диарея. Бұл жағдайда тіл қабыршығы сұр-ақтүсті болып, ауыз қатты құрғауы мүмкін.
Гастриттің диагностикасы және емі
Диагнозды тек гастроэнтеролог пациенттің шағымдарына, сондай-ақ бұл жағдайда қажетті гастроскопия деректері негізінде жасайды. Гастритті емдеу кезінде, күніне шамамен бес рет тамақтануды ұсынатын диетаны ұстану қажет. Алкогольді сусындар, майлы ет, ысталған ет, кондитерлік өнімдерді қоспаған жөн. Гастрит кезде темекі шегуден және алкогольдік ішімдіктерден бас тарту өте маңызды.
Рахат клиникасының тәжірибелі дәрігерлері сізге асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде көмектесуге дайын. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін, онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|