Гигрома - бұл буындарда пайда болатын сұйықтықпен толтырылған қуыс, өзі жұмсақ, кесек тәрізді өсінді. Бұл әрі киста, әрі ісік деп есептеледі.
Оның пайда болуы қауіпті емес, бірақ ол көбінесе жағымсыз көрініп, ауырсынады. Құрамында буын сұйықтығынан тұратын гигроманы қарапайым және аз инвазивті пункция әдісімен жоюға болады. Гигрома шприцпен сору арқылы жойылады. Егер сол орынға сұйықтық қайта жиналып, қайталанса, операция жасау керек.
Гигроманың пайда болу себептері
Гигроманың пайда болуының бірнеше себептері бар. Көбінесе олар 20-40 жас аралығындағы жас әйелдерде кездеседі. Әйелдерде гигромалар ерлерге қарағанда 3 есе жиі қалыптасады.
Гигроманың пайда болуына тұқым қуалаушылық та әсерін беретіні анықталған: егер отбасы мүшелерінің бірінде осындай ісік бұрын болған болса, онда гигрома сізде де пайда болу мүмкіндігі артады. Көп жағдайда гигроманың басталуы - жарақаттар мен қабыну процестері, мысалы, бурсит (буын қапшығының қабынуы) және тендовагинит (бұлшықет сіңірінің қабығының ішкі қабаты қабынуы).
Гигроманың белгілері
Негізгі симптомы – бір орында томпайған кесектердің пайда болуы. Өсіп келе жатқан киста соған жақын жерде орналасқан жүйке бағандарын қысатын жағдайларда, ол қатты ауырсынады. Сол жүйке бағандары аймағында, тері сезімталдығының бұзылуы болады. Артериялар қысылуына байланысты ауырсынулар сезіледі, ол тіндердің жеткіліксіз қоректенуінен де болуы мүмкін.
Кейде сол буынның қозғалғыштығы бұзылуы болуыда мүмкін. Бұл әдетте ондағы қозғалыстардан туындаған ауыр сезіммен байланысты.
Қолдың гигрома кистасын және басқа локализацияны емдеу
Дәстүрлі медициналық тәжірибе көрсеткендей, бұл дерттен консервативті емдеу арқылы құтылу мүмкін емес. Ғаламторда бұл дерттің емі халықтық медицина деп жазады, мысалы, аяқ гигромасын қалай емдеу керек?-деген секілді, дегенмен оны отасыз емдеп алу мүмкін емес. Мүмкін, бұл оның қайталануына ықпал ететін ішінара ісік сипатына байланысты болуы ықтимал.
Кейде науқас гигроманы басып, езуі мүмкін мүмкін. Бұрын гигроманы дәл солай емдейтін, кейін жиі қайталанса ғана операция жасалатын болған.
Саусақтағы жарылған гигроманың салдары әдетте айтарлықтай қауіпті емес, өйткені оның құрамы стерильді. Алайда пациент ол жерді бақылауы керек. Қабыну белгілері немесе оның тез өсуі байқалса, Рахат клиникасының мамандары шұғыл түрде дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Гигрома - бұл косметикалық ақау, бірақ бұл көптеген қолайсыздықтар тудыруы мүмкін. Кез-келген жағдайда оны мамандардың көмегімен емдеу керек.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, дәл қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтпей, гигроманы емдеу үшін онлайн тіркеу парағын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|