Бауыр кистасы - бұл сұйықтықпен толтырылған, көбінесе 30-50 жас аралығындағы әйелдерде кездесетін және бауырдың сыртқы жағында да, тереңінде де орналасуы мүмкін қуыс.
Бауыр кисталарының пайда болу себебі эмбриональды дамудың бұзылуы, жарақаттану, гормоналды препараттарды қолдану, паразиттік аурулар (эхинококкоз, альвеококкоз) болуы мүмкін, соған байланысты паразиттік және паразиттік емес, шын және жалған, жалғыз және көп бауыр кисталары пайда болады.
Бауыр кисталары өт тас ауруымен, өт жолдарының кистасымен, бауыр циррозымен, поликистозды аналық бездермен, ұйқы безі мен бүйректермен бір мезгілде пайда болуы мүмкін.
Бауыр кисталарының себептері
Паразиттік емес кисталардың пайда болуы жайлы нақты ақпарат жоқ. Көп жағдайларда дәрігерлер кистаның пайда болуын гормоналды препараттарды қабылдау арқылы немесе өт жолдарының қабыну гиперплазиясымен байланыстырады. Эхинококк кистасы органның паразиттік зақымдануынан қалыптасады.
Бауыр кистасының белгілері
Бастапқы кезеңде ауру қолайсыздық тудырмайды. Іштің кебуі, қышуы және тері сарғаюы көбінесе мазасыздықты тудырмайды.
Одан әрі асқынған кезде құсу мен жүрек айну жиілеп, сол ағза мүшесінің мөлшері ұлғайып, өсе береді. Тәбеттің болмауынан салмақ жоғалту байқалады.
Бауыр кисталарын уақтылы емдемеу аурудың асқынуына әкеледі. Бұл жағдайда қан кету, іріңдеу немесе бауыр жеткіліксіздігі дамиды. Қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналу қаупі артады. Эхинококк кисталары бүкіл организмге паразиттердің таралуымен қауіпті. Ауыр жағдайларда науқастар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, өйткені өмірге қауіп төнеді.
Бауыр кистасы қалай емделеді?
Ең жақсы емдеу әдісін таңдауға тек дәрігер көмектеседі. Бауырыңыздың жағдайын бақылаңыз, алғашқы қауіпті белгілер пайда болған кезде, сауатты ем алу үшін Рахат клиникасына хабарласыңыз.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|