Гепатоцит ішіндегі зат алмасудың бұзылуын құрайтын бауыр ауруларының жалпы тобы.
Гепатоздың себептері
Гепатоздың даму себептері: тұқым қуалайтын фактор, алкоголизм, жұмыс кезінде фосфор және фосфорорганикалық қосылыстармен улану, дәрілердің әсері, эндокриндік бұзылыстар, қант диабеті, семіздік.
Гепатоздың белгілері
Симптомдар гепатоз түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Уытты гепатоз кезінде науқаста: сарғаю, дене температурасының 40С ° дейін көтерілуі, жүрек айну, қайталама құсу, диарея, оң жақ қабырға асты қатты ауру сезімі болады. Майлы гепатозбен: зат алмасу және ас қорыту бұзылыстары.
Гепатоздың диагностикасы
Аурудың анамнезі және өмір тарихы талданады, пациенттердің шағымдары жинақталып, отбасылық анамнезі талдау жаасалып, науқас тексеріледі. Зертханалық әдістерден: жалпы және биохимиялық қан анализі, коагулограмма, жалпы зәр анализі, вирусты гепатитке қан анализі, копрограмма, құрт жұмыртқасын анықтауға арналған нәжіс анализі.
Аспаптық әдістер: құрсақ қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу, іш мүшелерінің компьютерлік томографиясы, эзофагогастродуоденоскопия, бауыр биопсиясы, эластография.
Гепатозды емдеу
Рахат клиникасына дер кезінде хабарласу, сізге гепатоздың ауыр зардаптарын болдырмауға және толыққанды өмірге толқынына оралуға көмектеседі. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, дәл қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтусіз, медициналық қызметтерді алу үшін онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Уытты гепатоз кезінде пациентті тез арада ауруханаға жатқызу қажет, емдеу аурухана жағдайында жүргізіледі, науқасқа гемосорбция және плазмаферез тағайындалады. Бактерияға қарсы препараттар, гормондар және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тұқым қуалайтын гепатоздың нақты емдеу тактикасы жоқ. Диетаны ұстану, балансталған тамақтану, алкогольдік ішімдіктерден, темекі шегуден және анаболикалық стероидтарды қабылдау ұсынылады.
Майлы гепатозды емдеу кезінде пациент диетаны ұстануы керек, алкоголь тұтынбауы керек. Ас қорытуды жақсартатын гепатопротекторлар, ферменттер, гормоналды терапия және қабынуға қарсы препараттар тағайындалады.
Гепатоздың алдын алу
Жеке адамның тұқым қуалайтын бейімділігі болған жағдайда физикалық белсенділік пен стрессті азайту ұсынылады. Мүмкіндігінше зиянды тұрмыстық химикаттардың, улы дәрілерді қолданбау. Рационалды және балансталған тағамдармен тамақтаныңыз, ысталған, қуырылған және майлы тағамдардан бас тартыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, алкоголь, есірткі тұтынбаңыз, темекіден бас тартыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|