Бульбит - бұл он екі елі ішектің шырышты қабығының бульбарлы бөлігінің катаральды немесе эрозиялық қабынуының дамуынан туындаған патология.
Булбиттің пайда болу себептері
гастрит;
тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну;
тұзды тағамдарды шамадан тыс тұтыну;
майлы тамақты, «Фаст фудты» шамадан тыс тұтыну;
генетикалық бейімділік;
асқазан-ішек жолдарының жарақаттары;
он екі елі ішектің ақаулары;
Крон ауруы;
лямблиоз және т.б.
Бульбиттің пайда болуында Helicobacter pylori бактериясы маңызды рөл атқарады, өйткені ол асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының қабынуына ықпал етеді, бұл оның буылтығының құрамындағы рН-қышқылының айтарлықтай өзгеруіне әкеледі.
Булбит белгілері
Әр түрлі белгілері бар. Ол күрделі (жедел) симптомдармен де, әлсіз белгілермен де көрінуі мүмкін. Жедел симптомдары қатты ауыртуы мүмкін, жүрек айнып, қайта-қайта құсу, кейде тіпті өт құсуы да мүмкін. Аузынан ащы дәм сезілуі мүмкін. Мұндай көрініс көбінесе дәрі-дәәрмек көп қабылдағаннан кейін немесе қатты уланудан кейін болады. Дәрінің химиялық құрамында ішектің шырышты қабаты үшін қатты тітіркендіргіш болатынымен түсіндіруге болады. Бас ауруы да байқалады.
Бульбитті емдеу
Булбиттің өршуі кезінде қатаң диета сақтау қажет. Бір ай бойы белгілі бір диетаны ұстанған жөн:
буға піскен немесе қайнатылған тағамды жылы түрде жеу;
кішкентай порциямен тамақтану;
тұзды, ашты және майлы тағамдардан бас тарту;
алкоголь, кофе, газдалған сусындардан, дәмдеуіштерден бас тарту;
шылым шегуді тоқтату.
Көкөністердің ірі өзекті түрлері (шалғам, қырыққабат) пайдалануға ұсынылмайды.
Сондай-ақ, дәрігер емделуге дәрі-дәрмектерді тағайындап, диета жазып береді.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, дәл қазір жазылыңыз. Рахат клиникасында сіз тәжірибелі гастроэнтерологтарды таба аласыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтусіз, медициналық қызметтерді алу үшін, онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|