Күбіртке – қол және аяқ саусақ тіндерінің (ұлпасының) жедел іріңді қабыну процесі.
Ол өзін ауырсыну, ісіну, қызару, қызба, сондай-ақ жалпы интоксикация белгілерімен білінеді.
Күбірткенің пайда болу себептері
Патологияның қоздырғышы көбінесе алтын түсті стафилококк болып табылады, ол адам көбіне назар аудармайтын ұсақ жарақаттар, қажалу, жаралар арқылы тіндерге енеді. Кейде күбірткенің пайда болуына стрептококк, ішек таяқшасы, протей бактериясы, сондай-ақ клостридиалды емес анаэробты микрофлора немесе шіріту инфекциясы себеп болуы мүмкін.
Аурудың асқынуына салқындау және сумен әрекеттесу жиі ықпал етеді.
Күберткенің белгілері
Күбірткенің негізгі симптомы – қабыну орны адамды мазалап, қатты солқылдатып ауырту. Саусақтың тырнақ бөлігі пиязшық тәрізді түрге ие болып, сол аймақ терісінің астында қан ұйып, тері жылтырап және қатаяды. Толығымен қозғалу, қолдың төмендеткен кезінде ауру күшейе түседі. Жалпы жағдай нашарлауы мүмкін: дене қызуы көтеріліп, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы пайда болады.
Кез-келген жағдайда, күбірткеге тән белгілер байқасаңыз, дереу хирургпен кеңесуіңіз керек, өйткені уақтылы емделмеу саусақтың жартылай істемеуіне немесе оның ампутациясымен аяқталады. Тек маман ғана операция жасай алады немесе тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындай алады.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, дәл қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|