Эндометрит - бұл босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерде кездесетін инфекциялық аурулардан пайда болатын жатыр ауруы.
Эндометрит ауруының себептері
Босанғаннан кейінгі кезеңде эндометриттің даму себебі, қынаптың бактериалды флорасының өзгеруі және несеп-жыныс жүйесінде өмір сүретін микроорганизмдердің, патогенді бактериялардың көбеюі болуы мүмкін.
Аурудың дамуына ықпал ететін факторларға мыналар жатады: кесар тілігі арқылы босану, плацента бөлінгеннен кейін жатырдың шырышты қабығында жара болуы, босанғаннан кейін жатыр қуысында бұлшықет тонусының төмендеуіне байланысты қанның жиналуы, әйелде жүктілік кезінде иммунитет төмендеуі, босану кезінде көп қан жоғалту, емшекпен емізуден бас тарту, жамбас мүшелерінің қабыну аурулары.
Эндометрит белгілері
Науқаста дене қызуының 38 ° С-тан жоғары көтерілуі, қалтырау, қынаптан іріңді бөліністер ағу, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну байқалады, әлсіздік, бас ауырады, терісі құрғайды, жүрек соғу жылдамдығы жоғарылайды. Іштің кебуі, нәжістің болмауы және іште жел пайда болуы мүмкін. Эндометриттің түріне байланысты клиникалық көрініс біршама өзгеруі мүмкін.
Эндометрит диагностикасы
Диагностикада пациенттің шағымдары талданады, акушерлік-гинекологиялық анамнезге талдау жасалады, пациенткке жалпы тексеріс жасалады, айнадағы жатыр мойнын тексеру және қынаптың биманулды зерттеуі жүргізіледі. Аспаптық әдістерден: жатырдың ультрадыбыстық зерттеуі, гистероскопия жасалады. Қынаптан ағатын бактериологиялық сұйықтық алынып, оған гинекологиялық жағындыға микроскопия жасалады.
Эндометритпен емдеу
Консервативті емдеу кезінде антибактериалды препараттар тағайындалады, қабынуға қарсы терапия, инфузиялық терапия, детоксикация терапиясы және жатырдың терапиясы жүргізіледі. Физиотерапиялық емдеу әдістері де тиімді қолданылады, мысалы электротерапия, электрофорез, ультрадыбыстық терапия және т.б. Егер қажет болса, хирургиялық емдеу де жасалады. Дәрілік терапия кезінде - антибиотиктер тағайындалады.
«Рахат» медициналық орталығында білікті гинекологтар, сізге эндометриттің тиімді емін ұсынады, бұл аурудың белгілері туралы мәңгі ұмытып, өмір сүру сапасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта білікті гинекологтар қолайлы жалпы күшейтетін және иммуномодуляциялық кешенді терапияны таңдайды.
Қажет болса, жеке таңдалған емдеу режиміне вирус жасушаларын басатын дәрілер қосылады. Өкінішке орай, оны толықтай емдеу мүмкін емес, бірақ тиісті терапия кезінде вирус белсенділігінің айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізіледі.
Эндометриттің алдын алу
Алдын алу шараларына: жүктілікті жоспарлау, жүкті әйелді уақытында тіркеу, акушер-гинекологқа үнемі бару, диета мен салмақты бақылау, жүкті әйелдерге арналған жаттығулар, емдеуші дәрігердің босануды ұтымды басқаруы жатады.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|