Гистероскопия - жатыр аурулары мен патологияларын диагностикалау және емдеу үшін кеңінен қолданылатын әдіс.
Гистероскопия дегеніміз не?
Гистероскопия арнайы гистероскоп аппаратының көмегімен жасалады. Бұл оптикалық жүйесі бар қуыс түтік. Құрылғы жатырға қынап арқылы енгізіліп, дәрігерге бүкіл зерттеу аймағын өз көзімен көруге мүмкіндік береді.
Гистероскопия екі түрлі болуы мүмкін:
Диагностикалық (кеңселік) 57500 теңге
Хирургиялық 73000 теңге
Диагностика үшін - осы мақсаттарға арнайы жасалған гистероскоп қолданылады. Құрылғы түтігінің диаметрі 3-4 ммден аспайды, бұл кеңейткіштерді пайдаланбай, тексеріс жасауға көмектеседі. Бұл құрал барлық дерлік науқастарға жарамды: тіпті бала тумаған әйелдерге де жарамды. Бұл әдіс диагнозды аурудың алғашқы кезеңдерінде де 100% дәлдікпен қоюға мүмкіндік береді.
Диагностикалық гистероскопия қашан ұсынылады?
Жатыр дамуының күдікті патологиясы
Менструальдық циклдың бұзылуы
Постменопаузда қан кету
Эндометриозға күдік
Жатырдағы күдікті ісік
Жатырішілік құралды(спираль) қолдануда асқыну
Хирургиялық гистероскопия үшін түтігі кең диаметрі 8-9 мм гистероскоп қолданылады. Бұл патологияны анықтауға ғана емес, емдеуге де мүмкіндік береді.
Хирургиялық гистероскопия қашан ұсынылады?
Жатырасты миомасы
Жатырішілік перде
Жатырішілік синехия
Эндометриялы полип
Эндометрия гиперплазиясы
Аборт жасағаннан кейінгі ұрық жұмыртқасының қалдықтарын жою
Гистероскопия жасау ауырады ма?
Процедура қаншалықты ауы? - емделушілер жиі сұрайды. Егер диагностикалық әдіс туралы айтатын болсақ, онда бұл айтарлықтай ыңғайсыздық тудырмайды. Сондықтан ол анестезиясыз жасалады. Аяқталғаннан кейін әйел іштің төменгі бөлігінде аздап ауырсынуды сезінуі мүмкін.
Хирургиялық гистероскопияға келетін болсақ, бұл ауырлау процедура. Сондықтан ол жалпы анестезиямен жасалады. Бірақ бұл аз инвазивті операция болғандықтан, қалпына келу кезеңі қысқа.
Гистероскопиядан кейінгі асқынулар.
Бұл әдіс өте зиянсыз, өйткені іс жүзінде диагностикада да, емдеуде де ешқандай қиындықтар болмайды. Хирургиялық гистероскопия кезінде жатырдың перфорациясы, инфекциялар және электролит теңгерімсіздігі сияқты асқынулар өте сирек кездесіп тұратыны рас.
Теріс салдардың алдын алу үшін тәжірибелі мамандарға хабарласыңыз. Рахат клиникасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің оңтайлы әдісін таңдайды.
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|