Іш қату – кештетілген, қиын немесе жүйелі түрде дәреттің дұрыс шықпауы (ішектің жеткіліксіз босатылуы).
Іш қатудың себептері
Іш қату нәжістің тоқ ішек арқылы өтуінің баяулауынан (кологендік) немесе тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігін өтуі қиын болған кезде пайда болады (проктогендік), жамбас бұлшық еттерінің үйлесімді жұмысының бұзылуына байланысты ішек моторикасы функциясының бұзылысы.
Іш қатудың белгілері
Дені сау адамда дәреттің жиілігі тамақтану салтына, әдеттеріне және өмір салтына байланысты. Іш қатудан зардап шегетін науқастар тәбеттің төмендеуіне, созылмалы шаршағыштыққа, аузындағы жағымсыз дәмге, жүрек айну сезіміне шағымданады. Іш қатуымен ауыратын науқастарда іш кебу, тері сарғыш-қоңыр түске айналып, іш жүргізетін дәрілерді жиі қолданғандықтан қоректік заттардың сіңірілмеуі, аздап анемия және витамин жетіспеушілігі байқалуы мүмкін.
Іш қатумен әлем халқының 20% -на дейін, тіпті дамыған елдердің тұрғындары да ауырады. Іш қату проблемасы барлық жастағы адамдар үшін бірдей өзекті мәселе болып табылады. Іш қату көбінесе 25-40 жастағы адамдарда дамиды, одан кейін мәселе тек күшейе береді. Ұрықтану жасында іш қату әйелдерде жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, ерлер мен әйелдер менопаузасы кезінде статистикалық айырмашылықтар аз.
Егде жастағы адамдарда, іш қату жастарға қарағанда шамамен 5 есе жиі кездеседі. Бұл бақылауларды жасқа байланысты гастроэнтерология мәселелерімен айналысатын зерттеушілердің көпшілігі мойындайды.
Іш қату кезінде не істеуге болады?
Ауру жалғыз жүрмейді, сондықтан, созылмалы іш қатумен жиі ауыратын адамдарда аллергия және созылмалы қабынулар көп кездеседі. Тоқ ішектің эвакуациялық функциясы ұзақ уақыт бұзылса және соған байланысты микрофлора өзгерісі - жүйелік иммунитеттің бұзылуына, иммунологиялық функциялардың басылып қалуын тудыруы мүмкін, ал бұл қоршаған ортаның патогендік факторларына (микроорганизмдер, аллергендер) төзімділіктің төмендеуіне әкеледі. Асқазан-ішек жолдарының маңызды функцияларының бірі - әртүрлі антигендік заттардан қорғану. Сондықтан өз-өзіңізді емдеу қауіпті, сізге тек арнайы сол саланың дәрігері көмектесе алады. Сол себепті, Рахат клиникасындағы мамандарға жүгінгеніңіз жөн.
Іш қатуды емдеу мұқият және сауатты тәсілді қажет етеді. Ең алдымен, аурудың шығу тегін, оның себебін анықтау керек, содан кейін емделуге көшу керек. Іш қатудың кешенді терапиясы әр адамға жеке таңдалады.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, дәл қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін, онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|