Созылмалы панкреатит - бұл ұйқы безінің үш айдан астам уақыт ауырған созылмалы қабыну ауруы. Ол прогрессивті, қайталанатын ағыммен сипатталады, без ұлпасының зақымдануы күшейеді. Қабыну ұйқы безінің дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік бермейді.
Созылмалы панкреатитпен ауыратын адамдар симптомдарды жеңілдету, зақымдайтын процестерді бәсеңдету және асқынулардың алдын алу үшін ұзақ мерзімді емдік терапияны қажет етеді. Көптеген жағдайларда емдеу симптомдарды жеңілдетеді және аурудың ағымын бақылайды, бірақ толық емделмейді.
Панкреатиттің себептері
Созылмалы панкреатиттің ең көп тараған себептері - алкогольді ішімдік ішу, тұқым қуалайтын панкреатит, жарақат салдарынан ұйқы безі түтігінің бітелуі, ісіктер және ұйқы безі түтіктерінде тас жинақталу.
Панкреатиттің белгілері
Созылмалы панкреатиттің ең көп тараған симптомы - іштің жоғарғы бөлігінде ұзаққа созылған ауыруы, көбінесе осы ауру арқа тұсына да әсерін береді. Ауырсыну тек отырып немесе бүгілгенде уақытша басылады. Ауырсыну жиі жүрек айнуымен және құсумен қатар жүреді. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін 15-30 минуттан кейін пайда болады. Алайда созылмалы панкреатитпен ауыратын адамдардың шамамен 20% -ында ауырсыну сезімі мүлдем болмауы мүмкін.
Созылмалы панкреатитпен ауыратын адамдар майлы тамақты өз ағзасына сіңіре алмайды, бұл салмақ жоғалтуға және диареяға әкеледі, жиі сұйық, майлы нәжіс түрінде көрінеді. Ауыр жағдайларда ұйқы безі инсулин гармонының жеткілікті мөлшерін шығару қабілетін жоғалтады, бұл қант диабетіне әкелуі мүмкін.
Созылмалы панкреатит асқынуларға әкелуі мүмкін:
Ұйқы безі түтігінің және өт қабының бітелуі;
Жоғары ішек өтімсіздігі;
Ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупі.
Панкреатит қалай емделеді?
Созылмалы панкреатитті тану оңай емес. Симптомдар бірқатар басқа жағдайларға ұқсас болуы мүмкін, мысалы, жүрек ауруы, асқазан жарасы, өт тас ауруы немесе тітіркенген ішек синдромы. Аурудың алғашқы 2-3 жылында анализ талдауы қалыпты болуы мүмкін.
Егер сіз панкреатиттің белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.