Аскаридоз (бөсір ауруы) - бұл көбінесе ішектің, өкпенің және бауырдың жиі зақымдалуымен сипатталатын кең таралған құрт. Тек адам ағзасында кездеседі. Ауру паразиттік құрттар - аскарида құрттарынан туындайды.
Аскаридоз ауруының белгілері
Ауру жалпы әл-ауқаттың нашарлауынан, жиі сырқаттанудан басталады. Науқаста үнемі шаршау байқалады, тіпті демалу да жағдайды жақсартуға көмектеспейді. Одан кейін тәбет нашарлап, жүрек айнуы, іштің ауыруы, нәжістің бұзылысы көрініс табады. Кейінірек ануста қышу пайда болуы мүмкін.
Аскаридозды уақтылы емдемеген жағдайда, паразиттер өмірлік маңызды органдарға шабуылдайды. Аскаридоз құрттары өт жолдарына еніп кетуі ықтимал. Бауырдың іріңді зақымдануы, аппендицит, ішек өтімсіздігі және ішперде, яғни қарынның көк еті қабынуы сияқты ауыр асқынулардың даму қаупі бар. Көбінесе науақастар шұғыл ауруханаға жатқызуды және хирургиялық араласуды қажет етеді.
Аскариданың пайда болу себептері
Адамдағы аскаридалар жұмыр құрттар тобына жатады. Жеке гигиена ережелері сақталмаса, жуылмаған жемістер жесе, құрт жұмыртқалары адам ағзасына енеді.
Аскоридозды емдеу
Егер сіз өзіңізде тәбеттің төмендеуін немесе мүлдем болмауын, іштің ауырсынуын және жүрек айнуын байқасаңыз, онда тәжірибелі дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек. Алматыдағы Рахат клиникасында үлкен тәжірибесі бар гастроэнтерологтар жұмыс істейді. Дәрігер зерттеу өткізіп, нәтижелер бойынша сізге емдеуді тағайындайды.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, дәл қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, медициналық қызметтерді кезексіз алу үшін, онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|