Сыздауық (шиқан) - түк түбі қалтасының және онымен байланысты май бездерінің (айналасындағы терісімен қоса) қабынып, іріңдеуі. Бұл қабынған, тері ашық қызыл түсті қоршалған, айқын көрінетін орталық өзегі бар абсцесс.
Өскіннің пайда болған аймағы солқылдап ауырады, ал ауырсыну тек, ол жетіліп, іріңді алып тастағаннан кейін ғана тоқтайды. Бұл ауру асқынса, тіпті флегмона мен сепсис ауруларына айналып кетеді.
Сыздауықтың белгілері
Сыздауық дамудың үш кезеңінен өтеді: инфильтраттың түзілуі, іріңдеуі, емделуі. Бірінші кезеңде шаншу, күйдіру, солқылдау сезіледі. Аймақ біртіндеп қызарады, тығыз болады және теріден томпайып тұрады.
Конус тәрізді қабынған аймақтың ортасында іріңді капсуланың жоғарғы бөлігі – іріңді бөртпе пайда болады. Төртінші күні сыздауық максималды мөлшерге, яғни диаметрі бір-үш см-ге дейін үлкейеді. Содан кейін іріңді бөртпе ашылып (әдетте өздігінен немесе кездейсоқ тиіп кетуден), ірің шығады. Ірің терінің іргелес аймақтарына жеңіл қысым арқылы немесе арнайы препараттармен шығарылады.
Егер сыздауық бірнеше жерде пайда болса немесе бір емделгеннен кейін қйталанса, онда аурудың себебін анықтау үшін кешенді диагноз жүргізу қажет.
Сыздауықты қалай емдеуге болады?
Сыздауықты антибактериялық терапия арқылы емделеді (сыздауықтың айналасына антибиотиктар саслынады), ультрафиолет сәулесі, физиотерапия, витаминдер инъекциясы, С витаминіне бай жемістерді диетаға енгізу. Жараны антисептикалық ерітінділермен емдеу. Кешенді емдеу жақсы нәтиже береді.
Неліктен емханаға бару керек?
Есте сақтаңыз:
сіз өз бетіңізше сыздауықты аша алмайсыз немесе сығып алуға тырыспаңыз;
егер сыздауықтың беті ашылып, бірақ іріңді таяқша шықпаған болса, оны үй жағдайында күшпен алып тастауға тырыспаңыз - мұндай әрекеттермен сіз тек өзіңізге зиян тигізесіз, себебі, іріңнің бір бөлігі жарада қалып қояды және қайта пайда болып, іріңдеу көлемі әлде қайда ұлғайып шығады;
емдеуді тәжірибелі хирург орындап, іріңді толық шығарғаннан кейін, көп ұзамай сіз сыздауықтың тудырған барлық жағымсыз және ауыр сезімінен арыласыз, бірнеше күннен кейін сіз бұл мәселені біржола ұмытып та кетесіз.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, қазір жазылыңыз. Сізге ыңғайлы уақытта, кезек күтусіз медициналық қызметтерді алу үшін онлайн тіркеу формасын толтырыңыз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|