Лямблиоз - адам ағзасындағы ламблия паразитінен туындаған ауру (микроскопта ғана көрінетін кішкентай, бір жасушалы қарапайымдылар).
Ауру ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзады. Жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі және нәжістің бұзылуы - бұл белгілер алғашында сізге зиянсыз болып көрінеді. Пациенттер көбінесе бұны тамақтанудағы қателіктермен байланыстырады. Кейінірек жағдай нашарлайды. Асқазанның ауыруы мазалай бастайды.
Паразиттер ағзада көбейе береді. Лямблиоз асқынып дисбактериоз боп жалғасады. Ішек микрофлорасының бұзылуы организмнің қорғаныс қабілетінің әлсіреуіне әкеледі. Көптеген қоректік заттар аш ішекте сіңеді. Осы процестің бұзылуының нәтижесінде пациенттер витамин жетіспеушілігін байқайды. Денедегі дәрумендердің жетіспеуіне байланысты науқастар жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Ересектерде лямблиоз бауырдың ұлғаюын тудырады.
Лямблиоздың себептері мен белгілері
Лямблия - бұл нәжіс арқылы өтетін бір жасушалы паразит. Инфекция жеке гигиена ережелері бұзылған кезде, жуылмаған жемістер жеганде ағзаға енеді. Балалар көбінесе инфекцияны жиі жұқтырады.
25% -да лямблиоз ешқандай белгілер тудырмайды. Аурудың өткір кезеңінде науқастарда келесі шағымдар пайда болады:
нәжістің бұзылуы;
іштің кебуі;
жүрек айну;
тәбеттің төмендеуі;
қабырға асты аймағындағы ыңғайсыздық;
оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну;
жалпы жағдайдың нашарлауы.
Созылмалы лямблиозға басқа да белгілер тән. Мысалы, науқастар жиі бас ауруына, жүрек аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Лямблиозды дұрыс емдемеген жағдайа, жалпы денсаулықтың нашарлауына әкеледі.
Лямблиозбен ауырғанда не істеу керек?
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, себебі ауру тек асқына береді. Рахат клиникасында гастроэнтерологқа жазылыңыз. Онлайн тіркеу формасын толтырып, сіз өзіңізге қолайлы күні тексеруден өтіңіз.
Бағасы
Біздің артышылықтарымыз
Лицензии и сертификаты
Жазылу
|