Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Лигай З.Н. 1973 жылы Новосибирск қаласына жолдамамен жіберіліп, онда бір жылдық интернатурадан өтті. 1977 жылға дейін жөндеу-механикалық зауытта өндірістік дәрігер болып жұмыс істеді.
1977 жылдан 1978 жылға дейін Алматы қаласының №1 теміржол ауруханасында дәрігер болып қызмет атқарды.
1979 жылдан 1981 жылға дейін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында екі жылдық клиникалық ординатурадан өтті.
1981 жылдан 1983 жылға дейін Алматы қаласындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институты жанындағы Республикалық кардиологиялық диспансерде дәрігер-кардиолог болып жұмыс істеді.
1983 жылдан 2006 жылға дейін НИИК және ВБ-да қызмет атқарды. Алғашында кіші ғылыми қызметкер болып тағайындалып, кейін артериялық гипертония бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері қызметін атқарды.
1993 жылы «Гипертониялық криздерді перифериялық вазодилататорлармен басу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2005 жылы «Артериялық гипертонияның дамуындағы бос радикалдар мен оттегінің белсенді түрлері және оларды дәрілік жолмен түзету» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
2006 жылдан бастап КМУ-дың ішкі аурулар кафедрасының профессоры.
2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан-Ресей медицина университетінің Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, ТМД елдері кардиологтарының конгрестерінде бірнеше рет баяндама жасаған. Жыл сайын дипломнан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша дәрігерлерге әдістемелік деңгейде дәрістер өткізеді.
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде:
-
4 монография;
-
22 әдістемелік ұсыным;
-
114 ғылыми журналдағы мақала.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
| Кіру құны (бастапқы), теңге | 18 000,00 |
| Қабылдау құны (екінші), теңге | 12 500,00 |

