«Рахат» медициналық орталығындағы маммологтың сапалы қызмет көрсетуі
Бүгінгі таңда әйелдер арасындағы басты мәселе-сүт бездерінің проблемалары. Мәселелер кез-келген жастағы әйелдерде пайда болуы мүмкін.
Жай ғана тексерістен өтіп, сүт бездерінің асқынғанын анықтап жатсаңыз, онда біздің "Рахат"медициналық орталығына келіңіз. Маммолог тек кеудеңізді қарап қана қоймайды, сонымен қатар зерттеу жасайды және қажет болған жағдайда дұрыс және тиімді емдеуді тағайындайды.
"Рахат" клиникасының жетекші мамандарынан кеңес алу, үй жағдайында диагностиканы өз бетінше жүзеге асыруға және бастапқы кезеңде ешқандай белгілері жоқ мастопатия сияқты ауруды, уақтылы анықтауға көмектеседі.
Егер әйел кеудесінен тығыздық сезінсе, фибродененома сияқты ауру болуы мүмкін. Көбінесе, бұл тығыздықпен сипатталса, онда ол қатерсіз ісік болып саналады. Бұл жағдайда "Рахат" медициналық орталығының маммологтарына уақытылы жүгінсе, онда оңай емделуге болады.
Бірде-бір маман пациентке тексерудің бірінші кезеңінде "сүт безі қатерлі ісігі" диагнозын қоймайды. Мұндай диагноз қою үшін ұзақ тексеріс, биопсия және басқа гистологиялық зерттеулер сияқты процедуралардан өту керек, сонымен қатар білікті онкомаммологтің кеңесі қажет.Біздің "Рахат" медициналық орталығының жоғары білікті маммологтары әрбір пациентке жеке көңіл бөледі. Олар барлық сұрақтарға жауап береді, зерттеулер жүргізеді және тиімді емдеуді тағайындайды.