Зертханалық қан анализдері

"Рахат" медициналық клиникасы өз зертханасының талдау қызметін ұсынады. Мұнда білікті мамандар жұмыс жасайды және қазіргі заманғы зерттеулер жүргізу кезінде көрсеткіштердің жоғары дәлдгін қамтамасыз ететін жабдықтар пайдаланылады.


"Рахат" қан зертханасы ұсынатын қызметтер: 

Ауруларды диагностикалауда қан зертханалық талдаулары – ең маңызды кезең. Көп жағдайда зерттеулердің қаншалықты тез орындалуына көптеген мәселелр тәуелді болуы мүмкін. "Рахат"  медициналық клиникасының Зертханасы қанның зерттеулерін жедел жүргізуге  кепілдік береді. Біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:

  • жалпы қан талдау зерттеулерін жүргізу. Мұндай зерттеулер  бір шама ауруларды диагностикалауға тез арада қанның ұлпалық деңгейінде өзгерістерді табуға мүмкіндік береді.
  • биохимиялық талдау. Жалпы қан талдауына қарағанда толық болғанының арқасында, ол нақты диагноз алып толық сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Бұл талдау түрі бүкіл ағзадағы, жүйелердегі проблемаларды көрсетеді. 
  • қан инфекцияларының талдауы, ағзадағы белгілі ауру тудырушыны уақытылы тауып, науқасқа белгіленген емдеу әдісінің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. 
  • қанның қантын зерттеу талдауы, қандағы глюкоза концетрациясын анықтауға мүмкіндік береді. 
  • иммундық талдаулар, адам иммунитетінің нашар жақтарын анықтауға, иммуножетіспеушіліктің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. 
  • аллергиялық сынақтар. Мұндай талдаулардың арқасында науқастың аллергиясының болуы, аллергенді нақты анықтауға болады. 

Бұл біздің орталық ұсынатын талдаулардың аз бөлігі. Егер сізге қан тобы мен резус фактор, гормоналды профильдегі зерттеулер, онкомаркерлер, қан ұюының анализі және тағы басқа талдауларын жасату үшін біздің орталыққа жүгіне аласыз. 

Біз зерттеулердің нәтижелеріің жоғары дәлдігіне және минималды дайын болу уақыттарына кепілдік береді.  Тағы басқа талдауларды ұйымдастыру жұмыстары бойынша біздің орталықтардың мамандарынан біліңіз. 

Достарыңызға хабарлаңыз:

Call-Center:
+7 727 22-000-22
+7 707 22-000-22

6 айға дейін пайызсыз
бен артық төлемсіз
бөліп төлеп емделу!
"Рахат" медицина орталықтар
жүйесінің кеңеюіне байланысты
керек етіледі: